Несептік синдром

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кейде несептік синдром созылмалы пиелонефриттің жалғыз белгісі болады. Пиелонефриттің несептік синдромына тән белгілер: лейкоцитурия, микрогематурия, 1 г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия және бактериурия. Лейкоциттер несепке қабынған интерстицийден және несеп жолдарының кілегей қабығынан түседі. Лейкоциттердің саны үдерістің өткірлігіне байланысты. Пиелонефриттің латентті түрінде лейкоцитурия «бір көрініп, бір жасырынып» толқын тәрізді. Сондықтан несептің бір жасаған анализі диагнозды анықтауда аса маңызды емес. Диагностикаға лейкоцитурияның аса маңыздылығын ескере отырып, несептің жалпы анализінде осы ауруға тән айтарлықтай өзгерістер болмаса, жасырын лейкоцитурияны анықтайтын сынамалардың біреуін қолданады (Аддис-Каковский, Амбурже, Нечипоренко немесе преднизолонмен өршіту сынамасын ). Лейкоциттермен бірге несепте эритроциттер де болуы мүмкін. Эритроциттер түтікшелердің жарылған капилярларынан немесе бүртіктердің зақымдануынан ( тостағаншалардың түбінен форникальдік қан кетуден) немесе кілегей қабаттың таспен жырылған жарақаттарынан түседі. Пиелонефритке тән несептік синдромның тағы бір маңызда белгісі - гипостенурия. Бұл белгі несептің концентрациялау процесінің бұзылысынан болады (бүйректің милы қабатында жүретін). Бүйректің милы қабаты қабынып ісінгенде бұл үдеріс бұзылады, содан гипостенурия пайда болады. Кейде бұл пиелонефриттің жалғыз белгісі болады. Мұндайда көптеген жылдар несептің шөгіндісінде паталогиялық өзгерістер болмайды, артериялық қысым жоғарыламайды, тек несептің меншікті салмағының төмендеуі ғана анықталады. Гипостенурияның болуын нақты зерттеу үшін Зимницкий сынамасын жасайды. <ref>«ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Ибрагимова Р.Б., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Абдукаримова Ж.М., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., оқу құралы, Шымкент 2012. </ref>

Дереккөздер

<references />