Неолиберализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Неолиберализм <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> (Үлгі:Lang-en) - XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономика мен философияның бағыты.

Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады. Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды. Неолиберализмнің теориялық негіздері монетаризммен, Р.Манделл, А. Флеминг идеяларымен тығыз байланысты. Неолиберализмнің экономикалық саясаты экономиканың дамуын тежейтін протекционизмді жоққа шығарады. Неолиберализм кейде жаһанданудың экономикалық идеологиясы ретінде қарастырылады, оның идеяларына Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар арқа сүйейді. Неолиберализмнің әлеуметтік тұжырымдамасы қоғамдық байланыстардың барлық түрлерін нарық тұрғысынан түсіндіреді: әрбір адамның өмірі кәсіпорындағы ұйымдастырушы еркін кәсіпкер ретінде қаралады, ал кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет - келісімшарт (сату-сатып алу актісі). Неолиберализм философиясында нарықтың болуы, қызмет етуі - шексіз өзіндік құндылық, ал тұтыну идеологиясы (консюмеризм) этиканың басты негізі ретінде қарастырылады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Неолиберализм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} cs:Liberalismus#Neoliberalismus