Небольсин Павел Иванович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Небольсин Павел Иванович(1817 – 1893) – Ресей тарихшысы, этнограф. 1850 – 51 жылы қазақ даласына жасаған алғашқы ғылыми-этнографиялық сапарында Орынбор, Орал, Астрахан қалалары мен көптеген қазақ ауылдарында болған. Бұл сапары туралы жазған “Астрахан және Орынбор өлкесіне жасаған саяхат есебі”, “Еділ бойы очерктері” (1852) мақалаларында Бөкей хандығының қазақтары, олардың шығу тегі жөнінде мағлұматтар берген. Ол Ресей мен Орталық Азияның сауда-саттық байланысына,Еділ алқабына, керуен жолдарына арналған күрделі еңбектерімен бірге, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы этнографиялық және статистикалық деректер жинап, монографиялар мен мақалалар жазған. Ш.Уәлихановпен, М.Бабажановпен кездескен. <ref name="Қазақ энциклопедиясы, 7 том">Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Шығармалары

Шығармалары: Покорение Сибири, СПб, 1849; Очерки Волжского низовья, ЖМВД, 1852, ч. 39; Очерки торговли России со Средней Азией, Зап. Русского географического общества, 1855, кн. 10. <ref name="Қазақ энциклопедиясы, 7 том"/>

Әдебиеттер

Әдебиеттер: Масанов Э.А., Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР, А.-А., 1966. <ref name="Қазақ энциклопедиясы, 7 том"/>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Небольсин Павел Иванович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}