Нағи Ілиясов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нағи Ілиясов (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы) "Қызыл коммуна" ауылы - 6.5.1987, - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Қазақ. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2- Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге катысты. Будапешт қаласын (Венгрия) азат етуде корсеткен ерлігі үшін Ілиясовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылды (24. 3.1945). 1945 жылы Мәскеуде Кызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босады. 1946-50 жылы Қызылорда облысы комитеттерінде хатшы, 1950-52 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1952-56 жылы Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Түлкібас ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің білім меңгерушісі, 1956-60 жылы Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» кеңшарының директоры, 1960-62 жылы облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры, 1962- 66 жылы Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1966-72 жылы туған ауылында ашылған 1- күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды. 1972-76 жылы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры, 1976-81 жылы облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Кызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нағи Ілиясов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}