Нахдж Ул-Фарадис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нахдж Ул-Фарадис (“Ұжмаққа баратын жол”) – 14 ғасырда жазылған діни дидактикалық мазмұндағы прозалық шығарма. Авторы Махмуд ибн Әли Бұлғарда туып, Сарай қаласында қызмет еткен. Еңбек төрт бөлімнен тұрады, әр бөлімі сегіз тараудан құралған. “Нахдж Ул-Фарадис” Алтын Орда дәуіріндегі түркі тілдері, әдебиеті, тарихы жөнінде халыққа түсінікті тілмен жазылған. Бірнеше нұсқасы бар: Стамбұлдағы Сүлеймен кітапханасында (Түркия), Санкт-Петербургтегі Шығыстану интернатының қолжазба қорында, Шығыстану музейінің архивінде (Ялта қолжазбасы, Қырым) сақталған. Ал Қазан қаласында үш нұсқасы: екеуі Қазан мемлекттік университетінің кітапханасында, үшіншісі Қазан педогогикалық институтында сақтаулы. “Нахдж Ул-Фарадис” жайлы алғаш 1885 жылы татар ғалымы Шиһабаддин Маржани пікір айтқан. 1928 жылы ғалым З.Тоған, 1956 жылы Я.Кемал Стамбұл нұсқасы жайында көзқарастарын білдіріп, еңбекті жарыққа шығарды. Бұл қолжазбаға байланысты мағлұматтар француз (1933), неміс (1959), поляк, түрік тілдерінде (1926, 1934, 1942, 1950, 1955) жарияланды. “Нахдж Ул-Фарадис” шығармасын белгілі түркітанушы ғалым Ә.Нәжіп жүйелі қарастырды. Қазақ ғалымдары Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Томанов “Нахдж Ул-Фарадис” ескерткішінің тілін зерттеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}