Нафта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

САЕСА - ның құрылуының алғышарттары

Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған «Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады.

Келесі қадам болып, 1965 жылғы басқа да салалардың интеграциясын қамтыған автомобиль жасау өнімдерін сатудағы либерализация жөніндегі келісім есептеледі. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы сауда-саяси бірігу идеясы 1990 жж. іске асырыла бастайды. Алғашқы кезеңде мәселе энергетикалық одақты ресімдеуге байланысты болады. Осындай идея 1980 жж. Р. Рейган мен Дж. Буш тарапынан қолдау табады.

1988 жылдың қыркүйегінде қиындық туғызған үшжылдық келіссөздерден кейін американдық-канадалық еркін сауда жөніндегі келісімге (CUSFTA) қол қойылып, бұл бойынша АҚШ пен Канада 10 жыл мерзімінде еркін сауда аумағын қалыптастыруы шарт еді.

1980 жж-ғы Еуропа және Азиядағы етек алған интеграциялық үдерістерге байланысты, НАФТА-ның құрылуы жөніндегі мәселе өзектілікке ие болады. Себебі, Еуропаның бірігуіне жауап ретінде Американың, әсіресе, Солтүстік Америкалық бөлігінің бірігуі қажеттілігі айқындалады. Алайда бастапқы кезеңдерден-ақ Мексика, Канада және АҚШ НАФТА-ның рөлі мен ықпалын әржақты позициялардан қарастырады.

1988 жылғы АҚШ пен Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімді (CUSFTA) сақтай және сәйкестіре отырып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда Ассоциациясын (NAFTA) құру туралы келісім 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Бұл келісімді Латын Америкасы нарығына одан әрі қарай ену мақсатында қолданып келе жатқан АҚШ, ұйымда жетекші орынды иеленеді.

САЕСА - ның мақсаттары

НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды.

Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды.

Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. НАФТА-ның мақсаттары:

  • Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік және төлқұжаттық тосқауылдарды алып тастау және тауар мен қызметтер қозғалысын реттеу;
  • Еркін сауда аумағында әділ бәсекелестікті құру мен ержелерін демеу;
  • Келісімге мүше мемлекеттерге инвестицияларды тарту;
  • Интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау мен әсерлі қорғанысын қамтамасыз ету;
  • Жүзеге асыру мақсатындағы келісімді қолдану мен билік және белестерді бірігіп шешу мәселелерінде енгізу механизмдерін жасау;
  • Келісімнің ұлғаюы және жетілуі мақсатындағы болашақ үшжақты, аймақтық әрі халықаралық кооперация негіздерін қалау;
  • Бірегей континенталдық нарықты қалыптастыру.

САЕСА - ның құрылымы

  • Еркін сауда жөніндегі комиссия;
  • Секретариат.

Аймақтық блоктарды салыстыру

2004 жыл

Аймақтық блок <ref>Тек қана толық мүшелердің өте белсенді блоктарының мәліметтері қарастырылған.</ref> Көлемі (км²) Халық саны ЖІӨ (PPP) ($US млн.) Жан басына шаққанда ($US) Қатысушы елдер
ЕАСТ (EFTA) 529,600 12,233,467 471,547 38,546 4
ЕС (EU) 4,325,675 496,198,605 12,025,415 24,235 27
ЕврАзЭС (EurAsEC) 20,789,100 208,067,618 1,689,137 8,118 6
СААРК (SAARC) 5,136,740 1,467,255,669 4,074,031 2,777 8
ССАГПЗ (GCC) 2,285,844 35,869,438 536,223 14,949 6
НАФТА (NAFTA) 21,588,638 430,495,039 12,889,900 29,942 3
АСЕАН (ASEAN) 4,400,000 553,900,000 2,172,000 4,044 10
PARTA 528,151 7,810,905 23,074 2,954 14+2 3
КАРИКОМ (CARICOM) 462,344 14,565,083 64,219 4,409 14+1 3
CSN 17,339,153 370,158,470 2,868,430 7,749 10
CACM 422,614 37,816,598 159,536 4,219 5
Agadir 1,703,910 126,066,286 513,674 4,075 4
ВАС (EAC) 1,763,777 97,865,428 104,239 1,065 3
COMESA 3,779,427 118,950,321 141,962 1,193 5
ЭКОВАС (ECOWAS) 5,112,903 251,646,263 342,519 1,361 15
ЦАВЭС (CEMAC) 3,020,142 34,970,529 85,136 2,435 6
SACU 2,693,418 51,055,878 541,433 10,605 5
БҰҰ ж/е салыстыру үшін елдер <ref>Жер көлемі, халық саны және ЖІӨ (PPP) жөнінен айтарлықтай ірі елдер.</ref> Көлемі (км²) Халық саны ЖІӨ (PPP) ($US млн.) Жан басына шаққанда ($US млн.) Әкімшілік бірліктер саны
БҰҰ 133,178,011 6,411,682,270 55,167,630 8,604 192
Бразилия 8,514,877 187,560,000 1,616,000 8,600 27
Германия 357,050 82,438,000 2,585,000 31,400 16
Канада 9,984,670 32,507,874 1,165,000 35,200 13
Қытай <ref>ҚХР-ға қатысты мәліметтер Гонконг, Макао және Тайваньнің бақылауындағы территорияларды қамтымайды.</ref> 9,596,960 1,306,847,624 10,000,000 7,600 33
Үндістан 3,287,590 1,102,600,000 4,042,000 3,700 35
Ресей 17,075,200 143,782,338 1,723,000 12,100 85
АҚШ 9,631,418 296,900,571 12,980,000 43,500 50
Жапония 377,873 128,085,000 4,220,000 33,100 47

Қайнар көзі: CIA World Factbook (2005), World Economic Outlook Database (IMF).

Ескертулер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}