Наурызбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наурызбас – ортағасырлық қала орны. Байзақ ауданы Байзақ ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде. 1983 ж. ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық отряды (жетек. М. Елеуов) ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі орны әлемнің төрт тарапына бұрыштары қаратылған төбешік. Оның көл. солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м, батыстан шығысқа қарай 45 м, биіктігі 1 м. Қала ені 6 – 8 м, биіктігі 2 м үйінді жолмен қоршалған. Жалда 5 мұнара қалдығы сақталған. Археологиялық зерттеу барысында құмыра, тостаған, келі, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жинастырылды. Алынған заттарға қарағанда Наурызбасты халық 10 – 12 ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал ш-мен айналысқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}