Наурызбаев Михаил Қасымұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наурызбаев Михаил Қасымұлы (21.5.1942 жылы туған, Алматы) – ғалым, техникалық ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2000). Қазақстан Мемлекеттік Университеттің (қазіргі Қазақстан Ұлттық Университет) химия факультетін бітірген (1965). 1965 – 88 жылдары Қазақстан Ұлттық Университетінде ғылыми-зертеу жұмыстарымен айналысты, басшылық қызметтер атқарды. Қазақ химия-технологиялық интернатының ректоры (1988 – 91) болды. 1993 жылдан Қазақстан Ұлттық Университінің кафедра меңгерушісі және осы интернаттың жанынан өзі ұйымдастырған Зерттеулер мен сараптаулардың физика-химиялық әдістері орталығының ғылыми жетекшісі (1994, 1995 – 2000 жылы химия факультетінің деканы). Негізгі ғылыми-зерттеулерінің бағыты таза металдар мен құймалар алу технологиясына арналған. Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт – таза металдар алу мақсатында көп компонентті жүйелерде жүретін электрхимиялық процестерді басқару және осы мақсатта гидрометаллургия мен гальванотехника технологияларын жетілдіру жүйесін ұйымдастырды. Қазақстанның әлемдік жоғары технологиялық өнімдер нарығы – тұрақты изотоптар нарығына шығуын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және ақпараттық-талдау жұмыстарының кешенін жасағаны үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2005). 5 монография, 60-тан астам авторлық куәлік пен патенттің авторы. “Еңбектегі ерлігі үшін” (1984) медалімен марапатталған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> 1

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наурызбаев Михаил Қасымұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}