Наталья Павловна Косенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Косенко Наталья Павловна (4.1.1944 ж.т., Ресей, Приморье өлкесі, Сучанск ауданы Казановка селосы.) – актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). Ресейдегі Чита театр студиясын бітірген (1965). 1965 – 68 ж. Ресейдегі Тынық мұхит флоты театрында, 1968 – 77 ж. Хабаровск, Чебоксары, Новосибирск, Благовещенск театрларында, Қазақстандағы Республикалық орыс драма театрында актриса болды. 1977 жылдан Ақмола облысы орыс драма театрында өнер көрсетті. Мұнда ол Электра (Л.Дюрко, “Электра – менің махаббатым”), Варвара (А.Н. Островский, “Найзағай”), Гелла (М.Булгаков, “Шебер мен Маргарита”), Өлім (Ф.Г. Лорка, “Қанды той”), Есүй ханым (Иран Ғайып, “Шыңғыс хан”), Ұлжан (М.Әуезов, “Абай”), Раневская (А.П. Чехов, “Шиелі бақ”), т.б. рөлдерді орындады. Косенко – драмалық, комедиялық және трагедиялық рөлдерде бірдей өнер көрсеткен, әр қырлы, диапазоны кең суреткер. Кейіпкерлердің ішкі сезім дүниесін, қайшылыққа толы күрделі бейнесін терең ашып көрсету – Косенко шығармашылығының ерекшелігі.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наталья Павловна Косенко|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}