Наталья Никитична Ильенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Наталья Никитична Ильенко (26.3.1967 жылы туған, Хабаровск өлкесі, Аянамай ауданы, Нельма кенті) – спорттық гимнастикадан спортқа еңбегі сіңген шебер (1981).

Алғашқы жаттықтырушысы – Ф.Рукина. Кейіннен Н.Цапенко, Ю.Цапенко, Н.Маракова, А.Гребенниковтың жетекшілігімен жаттықты. Ильенко Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы (1979 – 85), КСРО чемпионы (Киев, 1980, Донецк, 1981), дүние жүзі чемпионы (Мәскеу, 1981), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (Варшава, 1982), КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1983), “Достық” ойындарының жеңімпазы (Будапешт, 1984), КСРО чемпионы (Мәскеу, 1984), дүние жүзі чемпионы (1985, Мәскеу). Спорттағы табыстары үшін “Құрмет Белгісі” орденімен (1985) марапатталды. 1981 – 85 жылдары Қазақстанның ең таңдаулы он спортшысы тізіміне енді. Қазір Англияның астанасы Лондон қаласында тұрады. Аэробикадан жаттықтырушылық қызмет атқарады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наталья Никитична Ильенко|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}