Насыр Хосрау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази [1004, Кубадиян қыстағы, Балхы маңы – 1072(1088), Бадахшан] – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер. Жасынан сарай маңында қызмет етіп, философияны, математиканы оқыған. Ақындығымен көзге түскен, қасида, махаббат лирикаларын жазған. 1046 – 52 жылы қасына кіші інісін, қызметшісін алып, Египетке саяхат жасап, нәтижесінде “Сапарнама” кітабын жазып шықты. Оның әйгілі сапары Меккеден бастау алып, Иран, Араб, Африка елдерін қамтыды. Тілі жеңіл, мазмұны жинақы прозалық туынды “Сирия, Траполис және Бейрут”, “Мысыр қаласын суреттеу”, т.б. тараулардан тұрады. Саяхатшы қиын кедергілерден алғырлығы, шешендігі арқасында құтылып отырған. Саяхаттан оралған соң сарай маңындағылармен сыйыспай, туған жері Балхтан қуылып, өмірінің соңғы кезеңін Бадахшан (Памир) өңіріндегі Юмган қыстағында өткізген. Ол діни-философия трактаттарында (“Зад әл-Мусафирин”, “Хан әл-ихван”, “Ваджхи дин”), 12 мың бәйіттен тұратын “Ровшанайинаме” (“Білім туралы кітап”) поэмасында өзінің діни көзқарасын жан-жақты тұжырымдады. Ал қасида мен махаббат лирикаларында адалдық, достық, ғашықтықты жырлап, ақындық шеберлігін танытты, дидактика жанрын дамытуға зор үлес қосты. Әдебиеттер: Бертельс Е.Э., Насир-и Хосрав и исмаилизм, М., 1959; его же, Избр. тр., М., 1960; Күмісбаев Ө., Терең тамырлар, А., 1995. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Насыр Хосрау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}