Наряд

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Наряд, өкімхат – 1) белгілі бір жұмысты орындауға, өнімді (материалдарды, дайын бұйымдарды, т.б) жөнелтуге берілетін құжат, өкімхат. Пішіні мен мазмұнына қарай ажыратылады. Мысалы, кешенді бригадаға жұмыстарды орындауға берілген Нарядта (есеп-наряд) кәсіпорынның деректемелері, бөлімнің шифрі және жұмсалатын шығын, бригаданың атауы (бригадирдің аты-жөні), есептесу кезеңі, жұмыстың орындалу шарттары мен сипаттамасы, жоспарлы тапсырманың, кешенді өндірім нормасының және нарядтың есебі беріледі, күнделікті орындалған жұмыстың көлемі көрсетіледі, ал есептесу кезеңі аяқталғаннан кейін бригаданың әрбір мүшесіне төленетін жалақы есептеледі; 2) ерекше тапсырма бойынша орындалатын қызмет бабындағы міндеттерді орындаушы адамдар тобы, сондай-ақ осы міндеттердің өзі (мысалы, полиция Наряды, әскери бөлімнің тәуліктік Наряды). <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub