Нарықтық инфрақұрылым
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нарықтық инфрақұрылым (Үлгі:Lang-ru) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>
Оның құрамы:
- ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;
- материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;
- несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>
Дереккөздер
<references/>