Нарын таңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Нарын таңы» - Атырау облысы, Исатай аудандық газеті. Алғашқы саны «Малшылар үні» деген атпен 1953 ж. 18 ақпанда жарық көрді. Новобогат (Исатай) ауданының осы кезең ішінде таратылып, қайта құрылуына байланысты газет те бірнеше рет жұмысын тоқтатты. 1991 жылдың 1 қаңтарынан тұрақты шыға бастаған «Нарын таңы» газеті аудан мұнайшыларының, Нарын құмы малшыларының, Теңіз жағалауын мекен еткен еңбеккер қауымның тыныс-тіршілігін кеңінен көрсетеді, жұртшылықты аудан алдындағы саяси-шаруашылық міндеттерді орындауға үндейді. Газет мәдени, рухани өмірге, халықтық салт-дәстүрлерді дәріптеуге ден қояды. Алғашқы жылдарда газетке Т. Сатқанбаев, М. Шәріпов, кейінірек Қ. Батыров басшы болды. 1990 жылдан редакторы Ш. Құсынов. Таралымы 1000 дана (2000 ж.).

Құрылтайшылары — аудандық әкімшілік, аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Аптасына 1 рет шығады.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер