Нарынбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нарынбай – бекініс орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыөзек өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Бекіністі 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Нарынбай бекінісі төрт бұрышты, көлемі 240х240 м, айнала биіктігі 1,5 м, ені 20 м топырақ дуалмен қоршалған. Бекіністің әр бұрышында және ортасында мұнара орындары бар. Бекініс қақпасының екі жағында қарауылхана қызметін атқарған мұнара болған. Зерттеу барысында табылған табақшалардың, көзелердің, құмыралардың жасалу тәсілі мен үлгісіне қарағанда, бекіністі адамдар 9 – 12 ғасырларда мекен еткен.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}