Нартай Бекежанов мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нартай Бекежанов мұражайы <ref>Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>,Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер мұражайы – ақынның әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Н.Бекежановтың 100 жылдық мерейтойына орай (1990, тамыз) Ы.Жақаев атындындағыкүріш өсіру тарихы музейінің бөлімшесі ретінде ауылдық мәдениет үйінде ашылды. Кейін екі қабатты, төбесі шығыс үлгісінде күмбезделген жаңа мұражай пайдалануға берілді (25.10.1994). Мұражайда барлығы 13483-тен астам экспонат бар, оның 8397-сі негізгі қорда, 5086-сы көмекші қорда сақталды. Мұражай 8 залдан тұрады. Залдарда негізінен ақынның көзі тірі кезінде тұтынған заттары (сырнайы, керуеті, ер-тұрманы, қамшысы, зергерлік бұйымдары, ұлттық киімі, т.б.), үй жабдықтары, құжаттары, баласы Мансұр ақынның қолжазбалары, Нартай бригадасы белді мүшелерінің (М.Әділов, Т.Баяханова, А.Тұяқбаев, Ф.Төлегенова, т.б.) жеке заттары, шәкірттері мен ізбасарлары туралы мәліметтер, Нартай ауылынан шыққан еңбек ардагерлері (Ш.Қазанбаева, Ұ.Алтайбаева, М.Қалдыбаев, Н.Көкиев, Б.Оразов) туралы мағлұматтар жинақталған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нартай Бекежанов мұражайы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}