Нарима Смайылқызы Ерғазиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нарима Смайылқызы Ерғазиева (27. 6. 1933 жылы туған, Мәскеу қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1973), доцент (1979), профессор (1997), ҚР Білім беру ісінің үздігі (1996). ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген (1956). 1956-1960 ж. Алматы қаласының орта мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 1960-1973 ж. Қазақстан жоғары және орта арнаулы білім министрлігі ғылым әдістемелік кабинетінің аға ғылым қызметкері. 1973—1976 ж. Алматы технологиялық институтында аға оқытушы, доцент. 1976 жылдан қазірге дейін тілдер кафедрасының меңгерушісі. Профессор В. Ә. Есенғалиеваның жетекшілігімен "Қазақ тіліндегі іс қағаздары лексикасының қалыптасуы мен дамуы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылым еңбегінің негізгі бағыты - қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясы, тілдер байланысы, орыс тілін ұлт топтарында оқытып, үйретудің әдістемесі. 12 ғылым-әдістемелік оқу құралдары мен 45 ғылыми мақаланың авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Шығармасы:

  • Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке. АҚА, А., 1972;
  • Тамақ өнеркәсібінің орысша-қазақша оқулық сөздігі. Учебный русско-казахский словарь пищевой промышленности. А., 1990;
  • Материалы пo морфологии русского языка. А., 1971;
  • Іс қағаздардың орысша-қазақша сөздігі. А., 1992 (құрастырушылардың бірі);
  • Русско-казахские диалоги /пособие/. А., 1993;
  • Тесты пo русскому языку для вступительных экзаменов. А., 1994;
  • Пособие пo русскому языку для студентов внеязыковых вузов. А., 1992.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}