Нариман Ихсанұлы Төлепов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Нариман Ихсанұлы Төлепов - 1967 жылы 26 маусымда Торғай облысы Жангелді ауданының Қызыл Әскер ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Төлепов Ихсан, зейнеткер, химик. Анасы - Атабаева Жамал, зейнеткер, биолог. Целиноград ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген (1992), ғалым-агроном. Қазақ және орыс тілдерін, түркі тобы тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).

  • 1984 жылдан - Торғай облысы Жангелдин Орталық Мұрағат зертханашысы.
  • 1985 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1987 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылық институтының студенті.
  • 1992 жылдың сәуірінен - Торғай облысы «Қызыл Әскер» кеңшары жастар комитетінің төрағасы; Торғай облысы Жангелдин аудандық экология және ресурстар басқармасының жетекші маманы.
  • 1993 жылдан - Жангелдин аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас агрономы.
  • 1994 жылдан - Торғай облысы Жангелдин ауданының «Милисай» қауымдастығының бас агрономы.
  • 1995 жылдан - Торғай облысы «Плодородие» МКБ өндірістік бөлімінің маманы.
  • 1996 жылдан - Торғай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ШАРБ бастығы.
  • 1997 жылдан - Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы.
  • 1999 жылдан - Қостанай облысы әкімінің аппараты жанындағы Арқалық қалалық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы.
  • 2001 жылдан - Қостанай облыстық «Ұзынкөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасы» MM бастығы.
  • 2007 жылдың сәуірінен - «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының кеңес берушісі.
  • 2007 жылдың тамызынан – Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы.
  • 2009 жылдан - Арқалық қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» MM бастығы.
  • 2009 жылдан бері - Қостанай облысы Жангелдин ауданының әкімі. Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының 4-ші шақырылым депутаты (2007). Қостанай облысы әкімінің (2000, 2004), ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің грамоталарымен (2005) марапатталған.

Әскери атағы - сержант.
Діни көзқарасы - ұстамды.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «2026 жылы 2030 стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын орындау».
Хоббиі - тарихты зерттеу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, философиялық әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Төлепова Ләззат Әбдірахманқызы (1966 жылы туған), Жангелдин аудандық статистика басқармасының статистигі. Қызы - Нариман Нарғыз (1996 жылы туған); ұлы - Ихсан Нұрислам (2002 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нариман Ихсанұлы Төлепов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}