Нарбас қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нарбас қорымы <ref>Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref>– көне дәуір ескерткіші. Орталық Қазақстан облысы Қарқаралы ауданы Кен ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Қызылкеніш өзенінің сол жағалауында. Ә.Марғұлан, Л.Ф. Семенов зерттеген. Барлығы 40-қа жуық ескерткіштен тұрады. Сыртқы бейнесі бойынша орта қола кезеңіне жатуы мүмкін деп пайымдалатын диам. 3 – 9 м, биіктігі 0,2 – 0,5 м топырақ обалар, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тас жәшіктері, сондай-ақ ерте темір дәуірінің тас үйінділі, диаметрі 4 – 12 м, биіктігі 0,1 – 0,5 м обалары бар. Ескерткіштердің негізгі бөлігін үлкен тас тақталардан құралған, шаршы пішінді, аумағы 1-21,22,3 м болатын Беғазы-Дәндібай дәуірінің жәшіктері құрайды. Олардың кейбіреуінің айналасында тас қоршаулардың белгілері байқалады. 1953 жылы Қарағанды облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедиция (жетек. Л.Ф. Семенов) 4 жәшікті зерттеген. Бір жәшіктен басын батысқа бағыттап жатқызған адам қаңқасы табылды. Заттай деректерден тарақ штамппен басылған оюлары бар қыш ыдыс үлгілері табылды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нарбас қорымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}