Намибияның тұманды шөлі
Намибияның Атлант мұхиты жағалауын бойлай солтүстігінде Ангола шекарасынан, оңтүстігінде Сарғылт өзенге дейін шамамен 2100 км-ге созылып жатқан шөлдің ені кей жерлерде 160 км-ге, басқа жерлерінде 10 км-ге дейін жетеді Атлант мұхитына Уолфиш-Бей аумағында құятын Куйсеб өзені шөлді екіге қақ бөледі. Оңтүстікке қарай карталарда көшелер деп аталатын сусылдақ шағылдар мен қазаншұңқырлары бар құмның шексіз теңізі жатыр. Шағылдардың ежелгі қабаттары дүние жүзіндегі ең асыл қазына - алмастың ірі кенін жасырып жатыр.
Миллион жыл бұрын шағылдар қалыптасу процесінде сарғылт өзеннің ағысы катты сулары Оңтүстік Африка Кимберли үстіртінен бастап теңізге қарай құмтастардан алмастармен араласқан мол мөлшерін алып барды. Құмтас теңіз түбіне шөгіп, ал жарқыраған алмастарды жағалауға жақын ағыстар Намиб шекарасына қарай алып кетті. Куйсеб өзенінен солтүстікке қарай құмтасты жазықтар созылып жатыр. Батысында оларды шөлдің бұл теліміне зәрені алатын қаңқалар жағалауы, яғни кемелер адамдар өлу үшін келетін жер атанған.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>
Дереккөздер
<references/>