Накисбаев Владимир Иванович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Накисбаев Владимир Иванович (29.1.1951 жылы туған, Ресей, Примор өлкесі, Артемов ауданы Кневичи с.) – әскери қайраткер, генерал-майор. Қазақ химия-технология институтын (1973), Мәскеу гуманитарлық институтының филиалын (2002) бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Қаратау кен-химия комбинатында электр слесарьларының бригадирі болып бастаған. 1974–76 жылдары «Қазхимремстроймонтаж» тресінің 1-жөндеу-құрылыс монтаж басқармасының инженері, бөлім бастығы болып істеді. 1977–87 жылдары Қазақ КСР Министрлік Кабинеті жанындағы МҚК-нің Шымкент облысы басқармасының үкіметтік байланыс бөлімінің инженері, уәкілетті өкілі, аға уәкілетті өкілі, 1988–95 жылдары осы басқарманың Батыс Қазақстан облысындағы өкілі болды. 1999 жылдан ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментінің бастығы. 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», т.б. көптеген медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» (2003), «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» (2004).<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Накисбаев Владимир Иванович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}