Найман Бөбейұлы Қалабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қалабаев Найман Бөбейұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры.

Өмірбаяны

  • 1950 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.
  • 1973 жылы Геодезия, аэрофототүсіру және картография инженерлерінің Мәскеу институтын инженер астроном-геодезист мамандығы бойынша тамамдаған.
  • 1973-1979 - инженер, КСРО Министрлер Кеңесінің Геодезия және картография Бас басқармасының партия экспедициясының басшысы;
  • 1979-1988 - оқытушы, аға оқытушы, ААСИ доценті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазПТИ;
  • 1988-1995 – техникалық ЖОО-дар мен университеттер бөлімінің басшысы, Жоғарғы білім беру Бас басқармасының бастығының орынбасары, Экономика және қаржы Бас басқармасының бастығы, ҚР БМ Ғылым басқармасының бастығы;
  • 1995-1998 – ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің білім беру және ғылым секторының меңгерушісі, кадрларды даярлау және қайта даярлау секторларының меңгерушісі; 1998-2000 – ҚР Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, қоғамдық-саяси бөлімі.
  • 2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғарғы аттестаттау комиссиясының төрағасының орынбасары;
  • 2004 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау және аттестаттау Комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
  • 2007 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау және аттестаттау Комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
  • 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласын бақылау Комитетінің төрағасы.
  • Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 31 желтоқсанда шыққан бұйрығына сәйкес Қалабаев Найман Бөбейұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

Еңбектері

50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2 монография, 1 оқулық, 4 өнертапқыштық патент. 2 техникалық ғылымдар докторлары мен 4 кандидаттарын дайындаған.

Мемлекеттік марапаттары:

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы (1979) және «Қазақстан Конститутциясына 10-жыл» мерейтойлық медалі.

<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Найман Бөбейұлы Қалабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}