Надежда Александровна Патюткина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Надежда Александровна Патюткина 1960 жылы 15 қаңтарда Петропавл қаласында туған. Орыс. Петропавл педагогикалық институтын (1982) орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) дене шынықтыру және спорт оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Орыс, қазақ және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1977-1978 жылдары - Петропавл ауыр мәшине жасау зауытының жұмысшысы. 1982 жылдан - Целиноград (Петропавл қаласы) аймақтық «Спортлото» басқармасы тарату бөлімінің нұсқаушысы. 1985 жылдан - Петропавл қаласы №3 балалар бақшасының тәрбиешісі. 1986 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіби-техникалық білім басқармасының әдіскері. 1987 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық «Еңбек резервтері» (Петропавл қаласы) кеңесінің тәрбие жұмысы жөніндегі нүсқаушысы, 1988 жылдан - оқу-спорт бөлімінің меңгерушісі. 1991 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық (Петропавл қаласы) атқару комитеті Дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1994 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық (Петропавл қаласы) Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бас маманы, 1996 жылдан - көпшілік-ұйымдастыру, оқу-спорт бөлімінің бастығы, 1997 жылдан - оқу-спорт бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу-спорт бөлімінің бастығы. 2009 жылдың наурызынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. Ажырасқан. Қыздары - Марон (Патюткина) Елена Владимировна (1980 жылы туған), Кирьян (Патюткина) Анна Владимировна (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub