Навигациялық жұлдыздар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Навигациялық жұлдыздар – авиацияда, теңізде жүзу мен ғарышта кеменің бағыты мен орнын анықтау үшін қолданылатын жұлдыздар. <ref>Физика жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағытындағы 11-сыныбына арналған. Алматы «Мектеп» 2011 жыл.</ref>
Кеңістікте бағдар жасау үшін Жер бетіндегі белгілер жарамайды. Ғарышкерлер, ұшқыштар және теңізшілер навигациялық жұлдыз бойынша қажет уақытта бағдар жасап, бағытты анықтай білуі тиіс.
Навигациялық шоқжұлдыздар саны 20-дан астам. Оларға оңтүстік және солтүстік жарты шарлардағы ең жарық жұлдыздар жатады. Навигациялық есептерді шешу үшін биіктік пен азимуттың кестесі жасалған.
Дереккөздер
<references/>