Мөлдірлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Transp shadow.jpg
судың мөлдірлігі
Мөлдірлік, ортаның мөлдірлігі<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – жарықтың таралу бағытын өзгертпей, оның қандай да бір бөлігін өткізетін ортаны сипаттайтын шама; жарық тарайтын ортада 1-ге тең жол жүріп өткен сәуле шығару ағынының (немесе көрінетін жарық үшін – жарық ағынының), сол ортаға параллель жарық түрінде түскен ағынға қатынасы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сонымен жарық сәулесін белгілі бір бағытта өткізетін ортаның мөлдірлігі жоғары болады. Көрінетін жарық аймағында, геометриялық пішіні сай келгенде, мұндай ортадан тұратын денеде зат айқын әрі анық көрінеді. Мөлдірлік жарық сәулесінің толқын ұзындығына тәуелді болады. Сондықтан монохромат жарыққа байланысты монохроматтық мөлдірлік ұғымы пайдаланылады.

Мөлдірлікті заттың (ортаның) өзі арқылы өтетін жарықтан ажырата білу керек. Өйткені зат мөлдір болмаса да шашыраған жарықты өткізіп жіберуі мүмкін. Мысалы, ақ қағаз бетінің мөлдірлігі нөлге тең. Сондықтан ол арқылы шашыраған жарық қана өте алады. Мөлдірлік тек бағытталған (бірақ диффузиялық емес) өткізу коэффициентіне ғана байланысты болады.

  • Потенциалдық бөгеттің мөлдірлігі - потенциалдық бөгетті өткенге дейінгі және өткеннен кейінгі бөлшектерді байқап қалу ықтималдылықтарының қатынасы.
  • Гидротрансформатордың мөлдірлігі - нөлге тең беріліс катынасындағы насос доңғалағының сәтінің коэффициентінің бірге тең трансформация коэффициенті кезіндегі катынасы.
  • Кері мөлдірлік - жетекші буындағы жүктеменің азаюы жетекші буындағы жүктеменің өсуіне әкеп соғатын беріліс мелдірлігі (жетекші буынның кинематикалық шамаларының бекітілген мәндері үшін).
  • Оптикалық мөлдірлік - заттық бұйымның езі арқылы жарықтың бір бөлігінің таралу бағытын өзгертпей өткізу қабілеттілігі.
  • Беріліс мөлдірлігі - жетектегі буынның жұмыс режимі өзгергенде берілістің ауысу үрдісі аяқталғаннан соң жетекші буынның жұмыс режимін өзгерте алу кабілеггілігі.
  • Тура мөлдірлік - жетектегі буынның жүктемесінің азаюы жетекші буындағы жүктеменің азаюына экеп соғатын беріліс мөлдірлігі (жетекші буынның кинематикалық шамаларының бекітілген мәндері үшін)<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мөлдірлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

af:Transparansie (optika) ar:شفافية وشفوفية (بصريات) ca:Transparència cs:Transparentnost (optika) de:Transparenz (Physik) en:Transparency and translucency eo:Travideblo es:Transparencia et:Läbipaistvus fr:Transparence he:שקיפות (אופטיקה) it:Trasparenza e traslucenza ja:透明 ko:투명 lt:Skaidrumas lv:Caurspīdīgums (optika) mk:Проѕирност ms:Bahan lut sinar nds:Transparenz nl:Transparantie (optiek) no:Transparens pt:Transparência (óptica) qu:Q'ispi kay ro:Transparență ru:Прозрачность среды simple:Transparency sv:Transparens (optik) uk:Прозорість середовища ur:شفاف امواد uz:Shaffoflik zh:透明