Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:УниверситетА. И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті - Ресейдегі стоматолог-дәрігерлерді дайындауда басты рөл атқаратын, әрі "Емдеу ісі" мамандығын дайындауда айтарлықтай орын алатын жоғарғы оқу орны. Университет тарихы XIX ғасырда пайда болған тіс емдеу дәрігерлерін дайындау мектебінен басталады.
Тарихы
- 1922 жылдың 2-сәуірінде Мемлекеттік тіс емдеу институты ашылды (МТЕИ).
- 1927 жылы МТЕИ атауы Мемлекеттік стоматолгия және одонтология институты болып өзгертілді. МСОИ стоматологтардың диплом алдындағы дайындығын өткізіп, қарапайым халыққа стоматологиялық көмек көрсететін, ғылыми проблемаларды шешумен айналысатын.
- 1932 жылы МСОИ атауы Мемлекеттік стоматология және одонтология ғылыми зерттеу институты болып өзгертілді. МСОҒЗИ-да жаңа бөлімшелер: патофизиологиялық, морфологиялық, хирургиялық, әлеуметтік стоматология бөлімі және болатты протездер жасау бөлімшелері ашылды.
- 1935 жылы МСОҒЗИ негізінде Мәскеу стоматологиялық институты ашылды.
- 1939 жылы МСОҒЗИ мен Мәскеу стоматологиялық институты біріктіріліп, Мәскеу мемлекеттік стоматолгия институты құрылды.
- 1949 жылы ММСИ Мәскеу мединциналық стоматологиялық институты болып қайта құрылды.
- 1968 жылы "Емдеу ісі" факультеті ашылды.
- 1974 жылы Мәскеу мединциналық стоматологиялық институтына Н. А. Семашконың аты берілді.
- 1995 жылы дипломнан кейінгі білім беру факультеті ашылады.
- 1998 жылы орта медициналық білім беретін факультет ашылады, онда "Тіс технигі" мамндығы даярланады.
- 1999 жылы институт университет мәртебесіне ие болып, Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті деп аталатын болды.
- 2001 жылы клиникалық психология факультеті жұмысын бастады.
- 2004 жылы экономикалық факультет ашылады, факультетте "Экономика және денсаулық сақтау мекемесіндегі билік" мамандығы бойынша мамандар даярланады.
- 2011 жылдан бастап университет әлеуметтік қызметкерлерді оқытуды да бастайды.
- 2012 жылы МММСУ-ға 90 жыл толды.