Мәскеу бизнес мектебі
Moscow Business School — халықаралық бизнес-мектеп. Орталық кампус Мәскеуде орналасқан. Шет елдегі өкілдіктері Лондонда, Пало-Альтода, Прагада, Берлинде және Цюрихте ашылған.
Оқытушылар
Moscow Business School штатында 200-ден астам оқытушы бар. Бизнес-мектеп танымал ресейлік және шетелдік бизнес-жаттықтырушылармен, профессорлармен, тәжірибешіл-кеңесшілермен, РФ Үкіметінің аппараты, РҒА және РТҒА қызметкерлерімен ынтымақтасып келеді.
Бағыттар
- Семинарлар мен тренингтер
- MBA бағдарламалары
- Халықаралық машықтанулар
- Біліктілікті көтеру және қайта даярлау бағдарламалары
- Консалтинг
- Веб-семинарлар (вебинарлар)
Негізгі клиенттер
McDonalds, IKEA, Johnson&Johnson, BSGV, Nokia, PricewaterhouseCoopers, CocaCola, Henkel, Deutsche Bank, METRO, Tchibo, Dannon, Volkswagen, Volvo, Гознак, РТЖ, Газпром, ТНК-BP, Heineken, Северсталь, Beeline, MTC, Caravan, British American Tobacco, Alfa Bank, РФ Сбербанкі, Росей Банкі, ВТБ
Филиалдар
Moscow Business School өкілдіктері мен филиалдары Ресей аймақтарында (Санкт-Петербург, Новосибирск, Хабаровск, Екатеринбург, Владивосток, Уфа қалаларында), сондай-ақ, Германияда, Ұлыбританияда, Швейцарияда, АҚШ-та және Чехия Республикасында орналасқан.
Дереккөздер
<references/>