Мәрмәрлі Қабырға Мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәрмәрлі Қабырға Мұздығы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігінде, Теріскей Алатаудың шығыс сілеміндегі мұздық. Сарыжаз жотасының солтүстік беткейі мен Меридиан жотасының батыс беткейінде, Текес алабындағы Байынқолдың бастауында. Мұздықты 1902 жылы зерттеуші Г. Мерхбахер ашты.
Аумағы, жер бедері
Ұзындығы 7,8 км, ашық жатқан жері 7,5 км. Ауданы 22,5 км2, фирн (мұзқар) алаңы 14,9 км2, ашық жатқан тілі 7,5 км2, борпылдақ жыныстармен жабылған бөлігі 0,1 км2, фирн сызығы 3960 м, ал мұздық тілі 3350 м биіктікте. Мұздықтың орташа қалыңдығы 120 м, көлемі 2,88 км3. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>