Мәрия Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахметова Мәрия - музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1921 жылы Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тарихи теориялық факультетін, мұнан соң П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. Ахметова - Қазақстан композиторларының вокальды-хорлық шығармалары және халықтық - фольклор бойынша монографиялар авторы, ол сондай-ақ, халықтық және композиторлық стильдің өзіндік жақтарын көрсете отырып, шығармалардың эстетикалық және көркемдік мәнін ашу, кәсіби музыкалық жанрдың дәстүрлі және жаңашылдық мәселелері туралы жазды. Ахметованың қаламынан сондай-ақ, қазақ халық әндерінің көкейтесті мәселелеріне арналған ірі монографиялар дүниеге келді. Шығармалары:“Қазақтың әндері”, ”Ән және қазіргі заман”, ”Қазақтың ән мәдениетінің дәстүрі”, ”Музыканың сұлу әлемі” және т. б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}