Мәншүк Мәметова ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәншүк Мәметова ескерткіштері - Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіштер. Оның бірі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 наурызындағы жарлығы бойынша бұрынғы Орал (Батыс Қазақстан) облысы Орда ауданы Жәнібек кентінде орнатылған. Мүсіншісі А.Пекерев, архитектор А.Борецкий. Мүсін қоладан құйылған, гранит тұғырына қоламен "Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова 1922 - 1943 жыл" деген жазу жазып, оны тот баспайтын арнаулы лакпен сырлаған. Тұғырдың көлемі 0,78x0,72 м, ескерткіштің биіктігі 3 м. Ескерткіш 1982 ж. ресми маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік бақылауға алынды. Сондай-ақ, Орал қаласындағы Бейбітшілік алаңына 1988 ж. тағы бір ескерткіш тұрғызылды. Биіктігі 7 м 80 см. Мүсін қоладан құйылған. Тұғыры граниттен жасалған. Мүсіншісі - Х.Наурызбаев, архитектор - Ю.Хакало.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}