Мәнуар Әсетқызы Абдуллина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәнуар Әсетқызы Абдуллина (22.3.1922/24, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылы) - актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Алматы қаласындағы дене шынықтыру техникумының акробатика бөлімінде оқыды (1940 - 43). Алматы театр училищесінің актерлік бөлімін бітірген (1952). 1943 - 96 ж. Қазақ академикалық драма театрының актрисасы болды. Ол ұлттық және аударма драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, әр алуан драматургия және комедиялық рольдер ойнап, өткір мінезді актриса екенін танытты. Абдуллина орындаған рольдердің арасынан Әнапия (Ә.Тәжібаев пен Г.Рошальдің "Жомарттың кілемінде"), Перизат (Ә.Әбішевтің "Достық пен махаббатында"), Айғаным (Қ.Аманжоловтың "Досымның үйленуінде"), Бөпежан (Т.Ахтановтың "Сәулесінде"), Мэри (Б.А. Лавреневтің "Америка дауысында"), Варвара (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"), Бьянка (У.Шекспирдің "Асауға түсауында"), т.б. атап айтуға болады. Өзі қызмет еткен театр үжымымен Мәскеу, Бішкек, Қазан және Нүкіс қалаларына гастрольдік сапармен барып, өнер көрсетті. 1952 жылдан бастап киноға да ("Жамбыл", "Дала қызы", т.б). түскен. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1966).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}