Мәнет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:BMC 06.jpg
б.ғ.д VI ғасырлық Лидиялық мәнет. (трите, статердің үштен бірі)

Мәнет<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>,<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> монета, шақа – металдан (алтыннан, күмістен, түрлі қорытпалардан) жасалған ақша, айналыс және төлем құралы. Әрбір Мәнетте бейне (елтаңба, мемлекеттік қайраткердің, ұлы тұлғаның, тағыда басқа есімі, қырынан бейнелеген кескіні), қаланың, мемлекеттің атауы, шекілген жылы, атауы, көрсетулі құны бедерленіп жазылады.

Қолданылуы, тарихы

Мәнеттің үстіңгі бетін аверс, сыртқы бетін реверс, кертпелі бүйір қырын герт деп атайды. Майда төлемдерге қызмет көрсету үшін ұсақ Мәнеттер пайдаланылады, ол негізінен мыс-никель, мыс-мырыш, алюминий қорытпаларынан дайындалады. Құндылығы жоғары металдар мерекелік, ескерткіштік Мәнеттерді шығару үшін пайдаланылады. Мәнет арнаулы мемл. зауыттарда – Мәнет сарайларында шекіледі. Мәнет тауар-ақша және сауда қатынасының дамуымен бірге пайда болып, әмбебап төлем құралына айналды. Мәнет шығару тәртібі қатаң сақталды: оны тек егеменді елдің үкіметі ғана шығаруға құқылы болды. Мәнет бетіндегі бейнелер мемл. эмблема болып есептеледі. Мәнет мемлекет ішінде (Римнің күміс ақшалары мен арабтың дирхемінен басқасы) міндетті түрде айналыста болады. Қағаз ақша шыққаннан кейін Мәнеттің айналыс құралы ретіндегі рөлі түсіп, 20 ғ-да қағаз ақшаны ұсақтау құралы болып қалды. Мәнетті шеку кезінде мемлекет оның салмағын, металын, құнын, тағыда басқа белгілейді. Мәнеттің көрсетулі құны оның құрамындағы металдың бағасына сай келетін болса, толымды Мәнет, ал көрсетулі құны металдың бағасынан асып түсетін болса, толымсыз Мәнет дейді. Мәнеттің көрсетулі құны мен толымсыз Мәнетті дайындауға жұмсалған шығынның арасындағы айырма мемлекеттің Мәнеттік табысын құрайды. Ресейде 16 ғ-да бірыңғай шақа жүйесі жасалып, 1584 ж. реформа бойынша жалпы мемл. рубль, копейка шығарыла бастады. Кеңестік Мәнет алғаш рет 1921 ж. шығарылды.

Біздін елде

Егеменді Қазақстанда тұңғыш ұлттық Мәнет – металл теңге 1993 жылы 15 қарашада қағаз ақшамен бірге айналысқа жіберілді. Қазір көрсетулі құны 1, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелік металл ақша айналыста қолданылады. Оның үстіңгі бетіне көрсетулі құны, сыртқы бетінің айнала жиегіне еліміздің атауы, шығарылған жылы жазылып, ортасына мемл. елтаңба бейнесі шекілген, бүйір кемеріне кертпе түсірілген, ал жүз теңгелік Мәнеттің бүйіріне сонымен бірге айналдыра құны да кертіп жазылған. Мәнет айналысқа шығарылған алғашқы жылдары тиын түріндегі (1, 2, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық) ұсақ бақыр Мәнеттер де шекілді. Кейін олар айналыстан шығарылды. <ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref> Бүгінде отандық ақша сарайы қолданып отырған технология əлемнің тек бірнеше ақша сарайында ғана бар. Екі түрлі металдан, көгілдір глазурь орнатылып жəне гауһар тастармен (бриллианттармен) əшекейленіп жасалған қазақстандық монеталарды нағыз өнер туындылары деуге болады. Мұндай қымбат металдардан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің кассаларынан сатып алуға болады. Оларды тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде де сатуға немесе сатып алуға болады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 190-нан аса топтамалық, мерейтойлық жəне ескерткіштік монеталар соғылды. «Қазақстанның тарихи-сəулет ескерткіштері жəне қолданбалы өнер», «Көшпенділер алтыны», «Ескіше соғылған монеталар», «Жібек жолы инвестициялық алтын монетасы», «Əлемнің ең шағын алтын монеталары», «Қазақстанның Қызыл кітабы» жəне т.б. монеталар топтамалары жарық көрді. Сонымен қатар, «Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығы», «ҚР ұлттық валютасына 10 жыл», «Түркістанның 1500 жылдығы», «Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан шимайтастары» жəне т.б. сияқты жекелеген мерейтойлық монеталар жасалынды. Монеталардың беткі жағының ортасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген.<ref>«Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub