Мәметсапа Мәмедоғлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәметсапа Мәмедоғлы (1820, Кендірлі – 1875) – маңғыстаулық түрікмендердің ақсақалы, мәмілегер, ақын.
- Маңғыстауды зерттеуге келген М.Н. Галкин мен В.П. Дандевильдің экспедициясына (1859) көмектескен. Сол үшін патша өкіметінен Станислав лентасына байланған күміс медальмен марапатталған.
- Қараман ата әулие басында болған қазақ-түрікмен келісіміне түрікмен жағының басшы ақсақалы ретінде қатысты.
- 1870 жылы Иса – Досан бастаған көтерілістен соң орыс өкіметі мен көтерілісшілер арасында қазақ билері М.Төлепов, Е.Досжанов және Қ.Қаражігітовпен бірге келіссөздерге қатысты.
- 1873 жылы патша өкіметінің Хиуа жорығында Маңғыстау отрядына жолбасшы адамдарымен және көліктерімен көмек көрсеткен. Хиуа ханын күші басым орыс әскерімен берілуге әрекет жасаған.
- Ол түбек тұрғындары арасынан алғаш рет баласын Орынбордағы Неплюев кадет корпусына (1860) оқуға берген.
- Хиуа хандығындағы тұтқын орыстардың қашып шығуына жәрдемдескен.
- Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі Мәмбетпананың прототипі. Мәмедоғлының ұрпақтары Түрікменстанда және Маңғыстауда тұрады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәметсапа Мәмедоғлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}