Мәлік Мәжіғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәлік Мәжіғұлов (17. 8. 1891, бұрынғы Қазалы уезі Қуаңдария болысы. 4-ауыл – 27. 8. 1928, Қармақшы ауылы) – қоғам қайраткері. Қармақшыдағы түземдік мектепті, 4- сыныптық училищені бітірген (1914). 1914 – 21 жылдары Арал почта-телеграф конторында, Қармақшы ауданы кеңес, партия органдарында қызмет етті. 1921 – 22 жылдары елде коммуналар мен артельдерді ұйымдастыруға басшылық жасады. 1923 – 24 жылдары Қазалы уезінде басқарма бастығы, уездік атқару комитетінің сауда бөлімінің бастығы, Ташкенттегі облыстық жер-су басқармасының төрағасы, Сырдария губерниясы сауда басқармасының бастығы болды. 1925 жылы Түркістан Республикасындағы Қазақстан өкіметінің өкілі ретінде республика аймағын межелеу ісіне қатысты. 1926 – 28 жылдары Түркістан уезі атқару комитетінің төрағасы, Қазалы, Түркістан уездері кеңесінің мүшесі, Шымкент тұтынушылар кооперативі қоғамының төрағасы, Қазалы уезінде өкіл қызметтерін атқарды.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәлік Мәжіғұлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}