Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков
Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков (15.1.1929 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шардара ауданы Шардара кенті - 20.05.2015, Алматы) – тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері.
Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылыми қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–1984, 1985–1992), институт директорының орынбасары (1984–1985) болды.
Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты дайындалды. Қазақстандағы тарихи демография ғылымы мектебінің негізін қалады.<ref>"Егемен Қазақстан" газеті, №94 (28572), 22.05.2015</ref>
200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Шығармалары
- Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1907–1970 жж.), Алматы, 1973;
- Демографические процессы современного Казахстана, Алматы, 1995 (в соавторстве с В. Козиным).
Дереккөздер
<references/>
Сыртқы сілтемелер
- 15 қаңтарда туғандар
- 1929 жылы туғандар
- Шардара ауданында туғандар
- 20 мамырда қайтыс болғандар
- 2015 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан тарихшылары
- Қазақстан ғалымдары
- Профессорлар
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Қазақстанның еңбек сіңірген техника қайраткерлері