Мәжібаев Қуаныш Әбдікерімұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәжібаев Қуаныш Әбдікерімұлы <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> (10.1.1944 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1966). 1966 — 1969 ж. қазіргі Астана, Алматы қалаларында балалар ауруханасында, Алматы медицина институтында (1972 — 1990), 1990 — 2001 ж. Урология ғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2001 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры. Негізгі ғылыми жұмыстары балалар урологиясына арналған. Бала уронефрологиясы тәжірибесінде алғаш рет сцинтирграфия әдісін енгізді. Осы әдіс арқылы бүйректің “мылқау” (жарамсыз) деп аталатын бөлігінің жартылай болса да (40%-дай) белсенді қызмет атқара алатынын анықтады. Сондай-ақ жарықтың, тоқ ішек патологиясын емдеудің жаңаша тиімді әдістерін енгізді. Нефроптоз, гипоспадия, гидронефроз, қуық экстрофиясы аурулары және қуық-зәр жолдары рефлексін пластикалық жолмен қалпына келтіру операцияларын жасаудың өзіндік модификациясын ұсынды. Ол балалардың туа біткен обструктивті уропатия-сын хирург. жолмен емдеуді ретроспективті тұрғыдан зерттей отырып, бұрыннан қолданып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдерін жетілдірді. Мәжібаев — Қазақстандағы балалар урологиясының негізін қалады. Ол осы сала бойынша бірінші докторлық диссертация қорғап, профессор болған тұңғыш қазақ ғалымы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәжібаев Қуаныш Әбдікерімұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}