Мәдір Қуандық Насихатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1965 жылы 10 шілдеде Атырау облысы, Нарын құмы етегінде туған. Суретші, композитор. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005), доцент. 1983 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебін, 1990 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың экономика институтын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылы институтты жақсыға аяқтаған оны білікті мамандар оқытушылыққа қалдырды, содан күні бүгінге дейін осы салада жүмыс істеп келеді. Республикалық облыстық, конкурстардың лауреаты (Алматы, 1995 ж., Орал, 2001 ж.). 1997 жылдан БҚО «Өнер» қоғамдық қорының президенті. «Талбесік» атты кітабы жарық көрген (Орал, Полиграфсервис, 2003). Қ.Н.Мәдірдің әндері мен сурет туындылары, ғылыми, әдістемелік, танымдық мақалалары республикалық бүқаралық ақпарат қүралдарында, әртүрлі ғылыми журналдарда, жинақтарда басылып жүр. 15-ке тарта оқу-әдістемелік құралдары, сурет альбомдары, т. 6. баспадан шықты.

Әдебиет

Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 108б.

Жолдығали Г. Талантты сүретшілер елге танылуы тиіс// Орал өнірі.-2010.-16 қырқүйек.-14б.