Мәдени шок

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Bundesarchiv Bild 183-09709-0002, Dresden, Ankunft eines indischen Gaststudenten.jpg
Дрезденге (Шығыс Германия, 1951 жыл) қадам басқан бірінші үндіс студентінің ықыласпен қарсы алынуы

Мәдени шок (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-de) — көбінесе шетелге қоныс аудару немесе сапарда болумен байланысты өзге мәдени ортаға түсуден, бейтаныс өмір сүру салтымен ұшырасудан пайда болатын адамның эмоционалдық йә болмаса физикалық жайсыздығы. Жаңа ортаға үйрену толқытушы, тосырқаушы, тіпті естен жаңылдырушы болуы мүмкін. Бұл терминді 1954 жылы американдық антрополог Калерво Оберг (ағыл. Kalervo Oberg) таныстырған болатын.

Мәдени шок кезеңдері

Мәдени шок кем дегенде келесі кезеңдердің біреуінен тұрады.

"Бал айы"

Жаңа және алдыңғы мәдениеттері арасындағы айырмашылықтар еліктіруші көрінуі. Мысалы, сол елдің тамағы, өмір қарқыны, жергілікті қылықтары т.б.

Ымыраласу

Араға біраз уақыт сала, қос мәдениет арасындағы өзгешеліктер аңғарыла бастап, тосырқаушылық тудыруы. Тілдік бөгеттер, адами қарым-қатынастағы өзгешеліктердің түршіктіруі. Жалғыздық сезімі, отанға деген сағыныштың белең алуы т.б.

Бейімделу

Жаңа мәдениетке интеграциялану, оны түсіну, сол ортаның қарым-қатынас түр-сипатын белгілі бір мөлшерде қабылдау.

Шеберлік таныту

Қабылдаушы тараптың мәдени ортасында толығымен әрі емін-еркін қатысушылық көрсету.

Кері мәдени шок

Кері мәдени шок (ағыл. reverse culture shock, нем. Eigenkultur-Schock) үйреніп қалған бөтен мәдени ортадан туған (отандық) мәдени ортаға оралған кезде пайда болуы мүмкін мәдени шоктың феноменін білдіреді. Іс жүзінде, бөтен мәдени ортаға шомумен салыстырғанда өз мәдениетіне қайта сіңіп кету қиындықтары күтілмеген психологиялық жағдайды тудыра алады.