Мәдени бірегейлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәдени бірегейлік - жаһандану, ықпалдасу процестері, біртұтас әлемдік нарықтың орнау, еркін тауар, капитал айналымы, ақпарат таралымы жағдайында этникалық мәдениеттердің болуымен байланысты туындайтын мәселелер. Жаһандану теоретиктері жақын болашақта сапалы түрде жаңа адамның және қауымдастықтың ғаламдық түрінің - мегақоғам, мегамәдениет, суперэтностың пайда болуы жайлы аз айтып жүрген жоқ. Алайда, жаһандану, Интернет және өзге де жаңа ақпарат құралдары жаңа адамды, яғни, этностан және жетекші әркениеттен, сондай-ақ тарихы мен мәдениеті сан ғасырдан басталатын ірі этностардан тыс адамды қалыптастыруға қабілеті жоқ. Мәдениеттер ықпалдасуы әртүрлі мәдениет аясында, мысалы, Батыс пен Шығыс (ислам әлемі, Қытай, Үндістан) мәдениеттерінде тәрбиеленген адамдардың өзара түсінісуін талап етеді. Міне, сондықтан да біртұтас мәдениеттің қалыптасуы, этностардың жалпыпланеталық суперэтносқа немесе "мегақоғамға" айналуы аса күрделі әрі күмән туғызады. Халықаралық байланыстардың, әсіресе, экономикалық қатынастардың күшеюіне орай, жаһандануды жақтаушылар, біріншіден, халықаралық қатынастардағы экономикалық факторды жөнсіз асқақтатады, екіншіден, жаһанданудың қарама-қайшылықты сипатын көзден таса қалдырып отыр. Жаһандану этникалық мәдениеттердің өзара ықпалдасуын және әрекеттесуін қарастырғанымен, ол мәдениеттер әркелкілігін жойып, бірегейлендіре алмайды. Этникалық сезім және этникалық ерекшелікті сақтап қалуға талпыну әрбір халықтың санасына сіңген. Адамзат баласының, жалпымәдени құндылықтардың және бағдарлардың бірлігіне қарамай, әсіресе, жетекші өркениеттер мен ірі этностарда этникалық мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін сақтап калуға негізгі алғышарттар жетерлік.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәдени бірегейлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}