Мәдениет Қаратайұлы Көкенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәдениет Қаратайұлы Көкенов (5.3.1940, Алматы қаласы – 12.6.1997, сонда) – биология ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).
- 1962 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
- 1976-1977 - Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі және
- 1990-1994 - осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері ботаникалық қортану, өсімдік дүниесін қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>