Мәдениет каналы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мәдениет каналы Сырдарияның сол аңғарында орналасқан. Қызылжарма ауылы тұсынан солға бөлінетін канал 1961 жылы салынған. Су өткізгіштігі 44 м/с, ұзындығы 87,2 км, бойындағы гидротехникалық құрылыстардың жалпы саны 44. Канал суы Мәдениет ауылының 27872 га егістігін, бау-бақшасын және шабындық жерлерін суғарады және суландырады. Бұдан басқа 899-бекет жанында, Қызылжарма ауылы тұсында ұзындығы 384,7 км, су өткізгіштігі 226 м2/с болатын сол жағалық үлкен канал бар.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала