Мұхтар Әуезовтің әдеби мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Әуезовтің әдеби мектебі Әуезовтің алғаш білім алып, сауат ашқан мектебі - атасы Әуездің алды. Әуез немересі Мұхтардың сауатын ашуды Абайдың шығармаларын оқуға уйретуден бастайды. Аздап қара таныған соң, бала шәкірт Абайдың өлендерін бірінен соң бірінжаттауға көшеді, күні бойы жаттағанын кешке атасы мен әкесіне айтып береді. Әуезовтің алғаш сауатын ашқан Абайдың ақындық шығармашылығы оның өмір бойы уйренген, талмай оқыған басты әдеби мектебіне айналды. Абайдың өмірбаянын жасау (төрт нүсқасы), шығармашылық мұрасын зерттеу, ол туралы, оның заманы туралы роман-эпопея жазу осы мектеп берген білімінің, осы мектеп ашқан таланттың, осы мектеп қабырғасындағы ой бағу мен ойланудың, оқу мен тоқудың, еңбек пен бейнеттің нәтижесі еді. Семей мұғалімдер семинариясындағы, Ташкент Орта Азия мемлекеттік университетіндегі, Санкт-Петербург (Ленинград) мемлекеттік университетіндегі, одан кейін Ташкент аспирантурасындағы оқу Әуезовтің әдеби білімін одан әрі өлшеусіз дамытты. Шығыс халықтары мен орыс әдебиетін, әлем әдебиетінің асыл үлгілерін, халық (ауыз) әдебиетін оқып-біліп қана қоймай, олар туралы, жалпы әдебиет туралы ғылыми-зерттеу еңбектерді де зерделей игеру Әуезовтің әдеби білімі өз заманының қатарынан майталман әдебиетшісі ретінде қалыптастырған еді. Аталған оқу орындарында Ә. жалпы, қоғамдық-гуманитарлық біліммен қатар, терең әдеби білім алды, шығармашылық еңбек сырларына қанықты, жазушылық шеберліктің әлемдік әдебиеттегі асқан улгілерімен табысты. Әуезовтің үлгі алған, улағат тапқан әдеби мектебі әдебиеттің өзі болды. Осы ретте орыс әдебиетінің алатын орны зор. Бұл «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихынан анық байқалады. Роман-эпопеяны жазуға қажетті материалдарды жинау мен сұрыптау үстінде жазушы М. Горькийдің:

«Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз»

деген өсиетін іштей қайталап айта беруден танбаған. Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Толстой, Ю. Тынянов секілді ірі суреткерлердің шығармашылық тәжірибесінен «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда автор үлкен сабақ алады. Неміс, француз, ағылшын әдебиеті де жазушының ойына ой қосып, қиялын үштаған, адам жанының шындығын ашудың тиімді, үтымды тәсілдерін ұсынған. Сонымен бірге автор Абай білім алған әдеби мектептен де көп өнеге тапқан. Абайдың орыс әдебиетімен рухани үндестігінтаныту мақсаты М. Әуезовті А. Пушкин, М. Лермонтов, Салтыков-Щедрин, И. Крылов секілді суреткерлердің көркемдік-эстетикалық даралығы мен даналығын саралауға, зерттеп-зерделеуге алып келді. М. Әуезовтің үлгі алған әдеби мектебі, осылайша, бірнеше сатылы, бірнеше салалы:

а) Абайдың шығармашылық мүрасы;
ә) халық ауыз әдебиеті;
б) Шығыс халықтарының әдебиеті;
в) орыс әдебиеті;
г) элем әдебиеті.

Жазушы өзі үлгі алған әдеби мектебінің барлық сатылары мен салаларын «Абай жолында» Абайдың шығармашылық мұрасының басты эстетикалық нысанасы тұрғысынан сараптады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Әуезовтің әдеби мектебі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}