Мұхтар Ғалымиұлы Арынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge

Мұхтар Ғалымиұлы Арынов (20. 5. 1936 жылы туған, Талдықорған облысы , Ақсу ауданы, Ақсу ауылы — 10. 9. 1995, Талдықорған облысы ) — тіл білімі маманы, филолог ғылым кандидаты (1973), профессор (1988).

Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аталмыш институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1974—1980 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқу-ісі жөніндегі проректоры. 1980— 1983 ж. ҚР Білім министрінің педагогикалық жоғары орындар бөлімінің басшысы, 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры. 60-қа жуық ғылым , ғылым -көпшілік және публицистикалық еңбектер, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы ("Немецкая грамматика", 1971, "Немецкая грамматика. Морфология", 1986). Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының құрылуына үлкен үлесін қосты. Ақтөбе облысы "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы болды. Арыновтың тікелей басшылығымен қазақ тілін оқытатын ондаған мектептер ашылды. Өлкетану және экспедициялық зерттеулерге көп көңіл бөліп, нәтижесінде Есет Тама әулие, Көтібар, Есет, Қазанғап тарихи-архитектуралық кешендердің бой көтеруіне, Ақтөбеде Абай мұражайының ашылуы мен мұражай қорының құрылуына көп еңбек етті. Ғалымымның қатысуымен Қ. Жұбановтың мұражайы мен зерттеу лабораториясы ашылды. Арыновтың қазақтардың тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихына арнаған "Бес анық" кітабының орны ерекше. "Білім жөніндегі", "Жоғары білім жөніндегі", "Тіл білімі жөніндегі" заңдар жобасын талқылауға, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңын қабылдау мен талдау жұмысына қатысты. Арыновтың Отан алдындағы еңбегі еленіп, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}