Мұхтар Бәкірұлы Тінікеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Мұхтар Бәкірұлы Тінікеев.JPG
Мұхтар Бәкірұлы Тінікеев

Мұхтар Бәкірұлы Тінікеев

1963 жылы 27 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

Әкесі -Тінікеев Бәкір (1912-1973), шахтер болған. Анасы - Тінікеева Мәриям (1924 жылы туған), зейнеткер, батыр-ана. Қарағанды политехникалық институтының тау-кен факультетін тау-кен құрылысшы-инженері мамандығы бойынша; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

КОКП мүшесі (1990 жылға дейін). ЛКЖО ОК мүшесі (1987-1991), ЛКЖО XX, XXI съездеріне делегат. «Қазақстанның құқықтық дамуы» қоғамдық қозғалысының мүшесі (1994 жылдан). Азаматтық партия мүшесі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1980 жылдан - №22 «Қарағандыкөмір» ПО шахтасының электрик-слесарі. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте, взвод командирінің орынбасары. 1983 жылдан - «Қарағандыкөмір» ПО «Кировская» шахтасының №4 тазалау забойында тау-кен жұмысшысы. 1989 жылдан - облыстық ереуіл комитетінде шахта уәкілі. 1990-1993 жылдары - Қарағанды облысы №103 Күзембаев сайлау округі бойынша ҚазКСР халық депутаты, ҚР Жоғары Кеңесі Жастар ісі жөніндегі комитеттің мүшесі. 1994-1995 жылдары - ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қарағанды облысы №63 Күзембаев сайлау округі бойынша (56,02% дауыс жинап, жалғыз қарсыласынан алға шықты). Өзін-өзі ұсынған. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің мүшесі. «Қазақстанның құқықтық дамуы» фракциясының мүшесі. 2002 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықгық реформа комитетінің мүшесі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. ТМД Парламентаралық ассамблеясының мүшесі (Санкт-Петербург қаласы, 1992 жылдан), ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблеясының құқықтық мәселелері жөніндегі Тұрақты комиссиясының уәкілі (Санкт-Петербург қаласы, 2006 жылдан). «Дойдо Джуку Кудо» шығыс жекпе-жегі республикалық федерациясының президенті. ҚР соғыс өнері республикалық одағының тең төрағасы.

«Құрмет» (2005), «ТМД елдерінің достастығы» ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен, 2-ші, 1-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.

Әскери атағы - майор.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Он жылдан соң Қазақстан көптеген көрсеткіштері арқылы әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіреді».

Хоббиі - фото ісі.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет және поэзия. Үйленген. 2 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Big text