Мұхаметқали Тәукин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәукин Мұхаметқали (1814 – 20.2.1894) – сұлтан, Кіші жүздің Батыс бөлігінің правителі (1847 – 1865). Айшуақ ханның немересі. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқыған. Корпусты толық бітірместен, 1831 жылы 25 қарашада Кіші жүздің Батыс бөлігі басшысының қарамағына әкімшілік қызметке жіберілді. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға қатысты. 1839 жылы Ресейдің Хиуаға жіберген әскери экспедицияның құрамына енді. 1847 жылы Кіші жүздің Батыс бөлігінің сұлтаны (правитель) болып тағайындалды. Сұлтан М.Баймұхамедов бастаған Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Петерборға барып, император [[Николай I-нің қабылдауында болып, “Әулие Владимир” орденімен марапатталды. 1860 жылы екінші рет Мәскеу мен Петерборға Кіші жүз өкілдерімен барды. Осы сапарында Ш.Уәлиханов, П.И. Небольсин, Л.Н. Плотников секілді шығыстанушылармен танысты және императорлық ерікті экон. қоғамға мүше болып қабылданды. Петерборда шығатын “Экономические записки” журналына қазақтардың шаруашылығы туралы мақаласын жариялады. Кіші жүз сұлтандарының шежіресін қағазға түсірумен айналысты. 1865 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. 1868 жылы патша өкіметі қабылдаған “Уақытша ережеге” наразылық танытқаны үшін 1870 жылы Архангельскіге жер аударылып, одан 1874 жылы елге оралды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,, 8-том</ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}