Мұхамеджан Қаратаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаратаев Мұхамеджан (1910— 1995) — Қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Телікөл ауылында туған. Әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР FA-ның академигі (1975). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974) <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1933). 1936-1938 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төрағасы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының мүшесі, Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі. 1947—1951 жылдары Жамбыл педучилищесінде оқытушы. 1955—1960 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") редактор, бас редактордың орынбасары, директор. 1960—1968 жылдары ҚСЭ-нің бас редакторы (1968-1979), 1979-1988 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі.

Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне белсене араласты. 50-жылдардын орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму тарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақ әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. "Туған әдебиет туралы ойлар" (1958), "Шеберлік шыңына" (1963). "Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы" (1965), "Эпостан эпопеяға" (1969), "Революция рухымен" (1978), т.б. еңбектер жазды. "Даладағы дабыл" атты публицистикалық романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды. М.Горькийдің "Менің университетім", М.Шолоховтын "Тынық Дон" романын (3-кітап) аударған. Халыкаралық әдебиет сыншылары қауымдастығының мүшесі (1974), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ("Асулар алда" монографиясы ушін, 1974).

Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}