Мұхамеджан Керейұлы Исаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамеджан Керейұлы Исаев (14. 5. 1939 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы) — тіл білімі маманы, филол. ғыл. докторы (1992).

  • Алматы шет тілдер институтын бітірген (1962).
  • 1962-1992 жылдары осында оқытушы, аға оқытушы, доцент, ағылшын тілі фонетикасы кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін атқарады.
  • 1992—1993 жылдары Сыртқы істер министрлігінде қызметкер.
  • 1993—1994 жылдары Қазақстанның Үнді еліндегі Төтенше және өкілетті елшісі. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде ректордың халықарарық байланыстар жөніндегі орынбасары және М. Әуезов атынд. тілдік дайындау орталығының жетекшісі. "Қазақ тіліндегі сөздің фонетикалық құрылымы женінде" деген тақырыпта канд. (1970), Мәскеудегі мемлекеттік тіл білімі университетінде "Сөйлеу қызметін жасанды қостілділік жағдайында лингво-контрастивтілік тұрғыдан зерттеу" деген тақырыпта докторантура диссертациясын қорғады. Әр түрлі шетелдік тәлімгерліктерден өтіп, одақтық және халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндама жасаған. 50-ден аса мақалаларды, 2 монография, 1 оқулықтың авторы. Ғалым ағылшын және қазақ тілінің фонетикалық құрылымы, тіл мәдениеті, экспериментальды фонетика мәселелерімен айналысып жүр.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}