Мұхамеджан Баймұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баймұхамедов Мұхамеджан (1811 — 19.4.1896) — Ресей армиясының генерал-майоры (1869), Әбілқайыр ханның шөбересі, генерал-майор Айшуақов Баймұхамедтің баласы, Ресейдің отарлау саясатын қолдаушы. Әкесінің жолын қуып, жергілікті әкімшілік қызметте болған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға араласып, хорунжий атағын алған (1839).<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> 1841 жылы 28 ақпанда Кіші жүздің батыс бөлігіндегі 8-дуан басшысы болып тағайындалған. Қазақ даласында Ресей отаршылдығы тәртібінің орнығуына ат салысып, түтін салығын жинаумен, қолға түскен орыс тұтқындар мен қашқындарды босатумен, орыс көпестерінің, керуендерін күзету ісін ұйымдастырумен, т.б. шаруалармен шұғылданған. Маңғыстаудағы Ново-Петровск бекінісінің салынуына көмектескені үшін 1846 жылы 14 қарашада старшина атағына ие болған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref> 1846—1947 жылдары Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Санкт-Петербургте император Николай І-нің қабылдауында болды. Сол қалада ұлы князь, болашақ император Александр ІІ-нің ординареці міндетін атқарды. 1853 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовскийдің экспедициялық корпусы құрамында Ақмешітті алуға қатысқаны үшін подполковник шенін алды. Перовскийдің ұсынысымен, 1855 жылы 15 қарашада Кіші жүздің орталық бөлігіне аға сұлтан болып тағайындалды. 1855 — 1956 жылдары Есет Көтібарұлы қозғалысын басуға, орыс әскерлерінің 1865 жылы Ташкентті, 1873 жылы Хиуаны жаулап алу жорықтарына қатысты. ОрскЫрғызҚазалыПеровск почта желісін салғызды, далалық мектептер аштырды. Патша үкіметіне сіңірген еңбегі үшін І-дәрежелі Станислав, І-және ІІІ-дәрежелі Анна ордендерімен, 1853—1956 жылы Қырым соғысы құрметіне арналған қола медальмен марапатталды. Санкт-Петербург пен Мәскеуде бірнеше рет болған. Далалық өлкеден Александр ІІІ мен Николай ІІ-нің императорлық таққа отыру рәсімдеріне шақырылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхамеджан Баймұхамедов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}