Мұхамадеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамадеев Тахир Минниболатұлы (1953 жылы туған, Петропавл қаласы) – полковник, тарих ғылымының кандидаты (2006). ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Харьков жоғары әскери-командалық училищесін (1975), Мәскеудегі Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары әскери академияны (1986) бітірген. КСРО және Қазақстан Қарулы Күштерінің стратег. мақсаттағы зымыран әскерлері құрамында 34 жыл қызмет атқарған, оның ішінде 7 жыл ядролық зымыран полкінің командирі болды. Ядролық қару жойылып, ракеталық полк таратылғаннан кейін ҚР-ның әскери білім беру жүйесінде қызмет етіп, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы меңгерушісінің 1-орынбасары, Ұлттық Қорғаныс университетінде факультет деканы болды. ҚР Қарулы Күштері қатарынан босатылғаннан кейін де Мұхамадеев Көкшетау қаласындағы білім беру жүйесінде жұмысын жалғастырып, «Арна» колледжінің директоры, Гуманит.-педагогикалық институттың ректоры болды. 2007 жылдан А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 1-проректоры. 3-дәрежелі «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» орденімен, КСРО және ҚР-ның 10 медалімен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхамадеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}