Мұфтах Диаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұфтах Диаров (9 тамыз 1933 жылы туған, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы) – геология-минералогия ғылымының докторы (1972), профессор (1979), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Индер (Дендер) геологиялық барлау экспедициясында геолог, партия бастығы, бас геолог (1955–64), Қазақ мұнай барлау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1964–78), Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі (1978–92), Қазақстан Ғылым Академиясы Батыс бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары (1992–97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан «Атырау–Ғылым» АҚ-ның вице-президенті. Негізгі ғылыми еңбектері Каспий ойпатындағы бор, борлы калий тұздары кендерін іздеу, барлау мәселелеріне арналған. Диаров Дендер күмбезі өңіріндегі ірі-ірі элювийлі борат кендерін, аса ірі Сәтимола борат кенін ашушылардың бірі. Оның зерттеулері негізінде Орталық Каспий калийлі-борлы аймағы жіктелді.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.on.kz/on/community/258/blogpost/3639/

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұфтах Диаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}